Елбасы кітапханасы оқу залы

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Ә.Бөкейхан көшесі, 1А мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы.

Оқу залы күн сайын сағат 09.30-17.00 аралығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, белгіленген режимде жұмыс істейді.

Бұл жерде келушілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке архиві мен кітапханасының бірегей материалдарымен таныса алады. Оқырмандар назарына бұл материалдардың түпнұсқасы да, сандық көшірмесі де ұсынылмақ.

Анықтама байланыс номері 69 30 33