ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮЫ

4 қараша сағат 12.00-де Елбасы Кітапханасының жаңа мұражай ғимаратында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанаты өтеді.

Меморандумға қол қою мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың идеясы мен бастамасын дамыту, сондай-ақ бірлескен мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру. Меморандум аясындағы негізгі ынтымақтастық формасы ортақ зерттеу бағдарламалары, ғылыми-практикалық іс-шаралар ұйымдастыру (конференция, форум, семинарлар) және ақпарат алмасу болмақ. Келісімге Елбасы Кітапханасының басшысы Әмірхан Рахымжанов және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қояды.

Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері» атты кітаптың баспа және электронды форматтағы тұсаукесері өтеді.

Аталмыш басылым жобасының авторы мен жетекшісі  –   Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдардың докторы, профессор Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков.