ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ASTANA IT UNIVERSITY АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ РӘСІМІ ЖОСПАРЛАНДЫ

4 желтоқсан күні Astana IT University ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қолдауымен Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы аясында білім беруді жаңғырту және цифрландыру» альбомының тұсаукесері аясында Елбасы кітапханасы мен  Astana IT University өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.

       Іс-шараның мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған білім беру ісін бірізділікке түсіру бастамаларын құрылымдық және сатылай талдау.

       Аталған  шараға Astana IT University ректоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы, Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Амайтай Нұрмағамбетов қатысады.