2017 жылдың 12 қыркүйегінде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасында еріктілер қызметінің қорытындысына арналған «Болашақ энергиясы – Елбасы еріктілері» атты салтанатты іс-шара өтеді.
Салтанатты іс-шара бағдарламасында үздік ерікітілерді мараптаттау, мерекелік концерт, Елбасы Кітапханасы басшылығының, оқу орындары өкілдерінің және еріктілердің ата-аналарының құттықтауы бар.
ЭКСПО-2017 барысында Елбасы Кітапханасының еріктілері үйлесімді әрі тиімді жұмыстың жарқын үлгісін көрсетті. Елордамыздың 12 оқу орындарынан 80-ге жуық ерікті «Болашақ энергиясы» мамандандырылған көрмесінің қонақтарын Елбасы Кітапханасында жылы жүзбен қарсы алып отырды. Кітапхана ғимаратының белсенді еріктілері өздерін «Елбасы еріктілері» деп атады.
Бұл күні жас еріктілер жұмысының нәтижесі қорытындыланады. Елбасы кітапханасының еріктілері ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде өз елінің және азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі жайлы әңгімелейді.
Мекенжайы: Астана қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 10