28 сәуір күні, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік к., 11) Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Ел үмітін Ер ақтар» кездесуі өтеді.
Іс-шараны Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырады.

Қатысушылар қатарында болатын Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, әскер генералы, Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, контр-адмирал Ратмир Комратов, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Қазақстанның әскери-саяси стратегиясының өзекті мәселелерін, еліміздің доктринасына сәйкес келетін әскердің жаңа тұрпатын құру жолдарын ортаға салып, ел тарихындағы ерліктерге тоқталады.
Жоғарғы әскери оқу орындарының курсанттары, әскери бөлімдердің қызметкерлері шараға онлайн қатысады.