2023 жылғы 28 ақпанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) Екібастұз қаласы Білім бөлімінің Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесінің ашылуы болады.
«Екібастұздың жылы бояулары» көрмесі «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарлама аясында өтеді.
Көрмеде 2019-2022 жылдар аралығында орындалған 70-тен астам дипломдық жұмыстар ұсынылады, олардың әрқайсысы бірегей және ерекше. Ұсынылған жұмыстар мектепте оқытылатын бейнелеу әдістерінің алуан түрлілігін көрсетеді.
Іс-шараның ашылу күні Астана қаласының білім беру мекемелерінің оқушыларына арналған Екібастұз қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының педагогы «Шығыс анары» сәндік панносын жасау бойынша арнайы шеберлік сабағын өткізеді.