Декаданың аяқталуы

Ертең, 10 шілде күні Елбасының кітапханасында Астана күніне арналған мерекелік шаралар аяқталады.

Декаданың соңғы күнінде Кітапхана қонақтарына «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмі ұсынылады. Сағат 10:00-де орыс тілінде, 15:00-де қазақ тілінде көрсетіледі.

Фильм 1984-1991 жж. кезеңін қамтиды және жаңа тәуелсіз елдердің, соның ішінде Қазақстанның да пайда болуын сипаттайды. Туынды елдің пайда болып, қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы, бүгінде жаһандық масштабқа айналған бастамалар туралы баяндайды. Бұл көркем фильм 2016 жылдың сәуір айында көрерменге жол тартты. Жұмысына 10 мыңдай адам тартылған.

10 шілде күні елорда мерекесіне арналған ашық есік күндер онкүндігінің қорытындысы шығарылады. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Декадасы барысында белсенділік танытқан серіктестердің қатысуымен салтанатты жабылу рәсімі өтеді.