2017 жылы 23 маусымда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының Музейінде дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін «Өнердің ғажайып әлемі» арт-терапевтикалық сессиясы аясында жылдың көптен күткен оқиғасы – «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Мейірім қуаты» шығармашылық мерекесі ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы, «Астана қ. мүгедек балалар қоғамы» АҚ, «Мое возрождение» психологиялық орталығы.
Ерекше балалармен жұмыс жүргізу – Елбасы Кітапханасы қызметінің маңызды бағыты. Дамуында ерекшеліктері бар балалар әлеуметтік, физиологиялық және психологиялық тұрғыдан әлсіз. «Ерекше балаларды» бейнелеу өнеріне, белсенді суретшілік шығармашылыққа, музей кеңістігі ерекшеліктерін және арт-терапевтикалық жұмыс істеу тәсілдерін пайдалануға үйрету тұйықталу мен шектелуді еңсеруге, өзін-өзі жоғары бағалауға және әлеуметтік бейімделуге жағдай жасайды.
Іс-шара терапевтикалық, сонымен қатар эстетикалық сипатта жүргізіледі. Акцияға кәсіби педагогтар мен психологтар қатысады. Әлеуметтік педагогтар мен ата-аналар командасы құрметті қонақтар қатарынан «ерекше балаларға» мерекелік аура жасайтын қайырымды дос-серіктестер санатына әлдеқашан өтті.
Ұйымдастырушылардың ойлары бойынша Елбасы Кітапханасы Музейі қабырғасындағы бірлескен емдік сессия, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бойынша баламалы бағдарламарды енгізуге, арнаулы қорғауға мұқтаж балалар кездестіретін мәселелерге қоғамның назарын аударуға ықпал етуі тиіс.
Арт-терапевтикалық сессия бағдарламасында:
– ашылу рәсімі;
– ғажайып құм шоуы;
– «Мен және менің қомандам» психологиялық тренингі;
– шығармашылық шеберхананың топтық жұмысы: кенеп маталарға «ЭКСПО-2017» нышандарын салу;
– жұмыстарды қорғау және тұсаукесері;
– «Сабын көпіршіктері» көңілді шоуы.
Ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар мен кітаптар дайындалды. №1 Балалар музыка мектебінің шығармашылық ұжымы балаларға өздерінің музыкалық туындыларын тарту етеді.
Кіру тегін.
Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.