«ДАЛА ӘУЕНІ» КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

2022 жылғы 30 маусымда, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Кәмила Жапалованың «Дала әуені» жеке көрмесі ашылмақ. Көрме Кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылады.

Кәсіби білімін Шымкент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы көркемсурет училищесі мен Санкт-Петербургтегі В.Мухина атындағы көркемсурет училищесінен алған Кәмила Жапалова «батик»техникасында түстер палитрасының кең ауқымынпайдаланады. Қазақ ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің галереясын ұсынған автор ретінде ол халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанған.

Бүгінде АҚШ, Қытай, Ресей, БАӘ, Германияда өткен көптеген халықаралық көрмелерге қатысып үлгерген ол шетелдік көрермендерге Ұлы даланың сәндік-қолданбалы өнерін, оның ерекшелігін көрсетіп келеді. АҚШ-тағы ART-EXPO халықаралық көрмесі аясында ұлттық нақышымыз бар батикердіұсынған Кәмиланы New York Realism Fine Art суретшілер қоғамының мүшелері «Қазақ ұлттық стиліндегі батик өнерінің негізін қалаушы» атағымен алтын медальмен марапаттаған.

Кәмила Жапалованың шығармалары өзіндік сипат пен стильге ие. Фольклорлық нақыш пен лирикалық абстракцияға толы оның жұмыстары қазақ халқының тарихын, тұрмысы мен мәдениеті суреттейді.Туындылар туған жерге деген махаббатпен сусындаған. Сондықтан да Кәмила Жапалованың шығармаларын өткенді, бүгінді және болашақтыжырлаған даланың әуені атауға толық негіз бар.

«Дала әуені» көрмесін 2022 жылдың 1 тамызына дейін тамашалауға болады.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті 29.06.22 күнгі сағ. 17.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн. Байланыс нөмірі: + 7 (7172) 69-30-57 (Қамзабек Ұлпан, Елбасы кітапханасы баспасөз қызметінің аға сарапшысы)