2017 жылдың 2 тамызында, сағат 09:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Болашақ энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» халықаралық әйелдер форумы өтеді. Форумды «Expo&Women» халықаралық ұйымы, «Coca-Сola» халықаралық компаниясы, «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы, «Социальная динамика» қоғамдық ұйымы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалар кеңсесі, «МАК» халықаралық инвестиция компаниясы, G-Global және Әйелдер еуразиялық альянсының қолдауындағы «Береке&Бірлік» халықаралық инвестиция платформасы ұйымдастырады.
Іс-шара 2015 жылы әлемдік қоғам қабылдаған «Тұрақты даму мақсаттары-2030» қол жеткізуге ықпал ететін «жасыл» жобалар мен әлеуметтік инновацияларды жүзеге асырудағы әйел қауымның жетістіктері мен әлеуеттерін көрсетуді көздейді.
Форум барысында «Тұрақты даму саясатындағы әйелдердің рөлі», «Әйелдердің ғылым мен «жасыл» инновациялардың дамуына қосқан үлесі», ұйымдастырушылар, ғалымдар, кәсіпкерлер, Парламент мәжілісі, МЕҰ жетекшілері қатысуымен «Жасыл» бизнестегі әйелдердің бастамалары», Елбасы кітапханасы директорының орынбасарлары саясат ғылымдарының доктор Әмірхан Рахымжанов, тарих ғылымидарының кандидаты Ботагөз Қайыпованың қатысуымен пленарлық отырыс пен панельдік сессиялар өтеді.
Іс-шара аясында АҚШ суретшісі Лейла Осман Ахметтің «Арманшылдардың ғана жұлдызы жарық» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Форум қатысушылары мен қонақтарының назарына «Coca-Cola Белестері» республикалық байқауы жүлдегерлерінің қатысуымен «Әлемді өзгертетін әйелдер» фото көрмесі ұсынылып, «Coca-Cola Белестері» республикалық байқауында үздік бизнес-идея ұсынған 10 жеңімпазды марапаттау рәсімі өтеді.
Форум 3 тамыз күні ЭКСПО-2017 аумағында жалғасады.