БИЫЛ 28 МАУСЫМДА «ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ: УАҚЫТ, КЕҢІСТІК ЖӘНЕ БОЛМЫС» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛМАҚ

2022 ж. 28 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында көркем галереяда (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен бірлесіп ұйымдастырылған «Жаңа Жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» көрмесінің ашылуы өтеді. Сондай-ақ «Global Forum Resources» ЖШҚ, «Atelier Morales» (Франция), ,«Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Бірлескен көлік-логистикалық компаниясы – Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ серкітестер қатарында бар.

Диалогты дамыту және заманауи халықаралық сауда жолдары мен экономикалық байланыстар туралы ойлар аясында «Global Forum Resources» компаниясы «Atelier Morales» Париж студиясының екі суретшісіне – Хуан Луис Моралес пен Тереза Аюсоға – атақты Ұлы Жібек жолы бойынша фотосаяхатқа тапсырыс берді.

«Жаңа Жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» көрмесінің материалдары бізді Ұлы Жібек жолы бағытында болған заманауи елдермен және қалалармен таныстырады. Суретшілер Қытайдағы Шанхай қаласынан сапарын бастап, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Ресей және Беларусь аумақтарындағы көптеген қалаларды, тарихи орындарды, көрікті жерлерді аралап, 13 000 км астам жолды (негізінен құрлықта) жүріп өткен.

Саяхат кезінде жасалған фотосуреттер «Жаңа Жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс» атты жинақта жарық көрді және бүгінгі таңда Еуропаны Азиямен байланыстыратын құрлық пен теңіз дәліздерінің – оның ландшафттарымен қазіргі заманғы Жібек жолына біріктірілген негізгі ерекшеліктері мен жібек жолдары және қазіргі заманғы энергия (қуат), ақпарат, тауарлар ағынын қамтамасыз ету үшін әртүрлі жергілікті дәстүрлер мен мәдениеттер қалай қатар өмір сүретіні, тарихи Ұлы Жібек жолына қалай әсер ететіндігі туралы негізгі аспектілерді көрсетуге арналған.

2020-2021 жылдар аралығында фотосуреттер бірнеше ірі қалаларға барған көшпелі көрмеде ұсынылған. Осы көрмеге дейін өнер туындылары Венецияда (Италия) 2019 жылғы беделді халықаралық өнер Биенналесінде  көрсетілді.

Қазіргі әлемде Ұлы Жібек жолына әлем халқының 65%-ы тұратын Азияның өрлеуіне байланысты, сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары кезінде (2013 ж.) «Белдеу және жол» бастамасының арқасында көңіл аударылып отыр, ол қызығушылық танытқан елдерде адамдардың сәтті болашағы үшін өткеннің сауда жолдарын жандандыруға жәрдемдесуге және инвестициялауға бағытталған.

«Жаңа Жібек жолы: уақыт, кеңістік және болмыс»  көрмесі 2022 жылдың 28 шілдесіне дейін жалғасады.