«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ: ҚХР ҚАЗІРГІ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ» халықаралық конференциясы

20 қаңтар сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қолдауымен Елбасы кітапханасының Талдау кешені Қазақстан Республикасындағы ҚХР-мен бірлесіп «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ: ҚХР ҚАЗІРГІ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ» атты халықаралық конференциясын өткізеді. Конференция қазақстандық және қытайлық сарапшылар қауымдастығының ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылады.  

Қытайлық жетекші сарапшылар 2013 жылы Астана қаласында «Назарбаев Университетінде» ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин айтқан «Жібек жолының экономикалық белдеуі» ірі трансеуразиялық жобасын дамыту және жүзеге асыру жөнінде ҚХР-дың ұстанымы мен болжамын Қазақстанда алғаш рет қоғамдық кең аудитория алдында ұсынады.

Конференцияның күн тәртібінде талқылауға «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасы аясындағы Қытайтың сыртқы экономикалық саясаты, сондай-ақ аталған жобаны іске асыруда бүгінгі таңда қол жеткен нәтижелер туралы мәселелері енгізіледі. Іс-шара қатысушылары Қытайдың жетекші сарапшыларының көзқарасы мен пікірімен танысады, сонымен қатар олармен тікелей ой алмасуға және Орталық Азияға деген Қытай саясатының болашағы туралы сауалдар жолдай алады.

Конференция жұмысында ҚХР танымал саяси қайраткері, елші У Цзяньминь (Wu Jianmin), ҚХР Коммерция министрлігі жанындағы Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясының, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының, Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастар академиясының (ҚҚХҚА) және Қытайдың  Халық университеті жанындағы Халықаралық энергетикалық стратегия орталығының жетекші сарапшылары баяндама жасайды.

 

У Цзяньминь, 1939 ж.туған. Әр жылдары ҚХР СІМ баспасөз қызметінің басшысы, ҚХР СІМ баспасөз өкілі,  Нидерландтағы ҚХР төтенше және уәкілетті елшісі, БҰҰ женевалық штаб-пәтері жанындағы ҚХР тұрақты өкілі, Франциядағы ҚХР төтенше және уәкілетті елшісі болып қызмет істеген. 2003 жылдан ҚХР Дипломатиялық академиясының ректоры, Қытайдың Халық саяси Кеңесі сыртқы істер жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Халықаралық көрме бюросының төрағасы.

Лю Хуацинь, 1964 ж. туған. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚХР Коммерция министрлігі жанындағы Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясының Еуропа секторы меңгерушісінің орынбасары.

Сунь Чжуанчжи, 1991 ж. Нанкай университетінің тарих факультетін тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты. 1991 жылдан ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының, Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастар академиясының ғылыми қызметкері, ҚХР ҚҒА Әлеуметтік институт директорының орынбасары, ҚХР ҚҒА Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының профессоры.

Дин Сяосин, 1975 ж. туған. Заң ғылымдарының кандидаты. 1996 жылдан Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастар академиясында жұмыс істейді, Қытайдың қазіргі халықаралық қатынастар академиясының Орталық Азияны зерттеу бөлімінің меңгерушісі.

Ван Хайянь, 1980 ж. туған. Заң ғылымдарының кандидаты. 1998 жылдан 2006 жылға дейін Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде жоғары білім алған, аспирантурада оқыған. 2007 жылдан Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясында бөлім бастығының орынбасары болып еңбек еткен. 2015 жылдан Қытайдың Халық университеті жанындағы Халықаралық энергетикалық стратегия орталығының жетекші сарапшысы.

 

Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты саласын тәжірибе жүзінде танушылар мен зерттеушілерді, халықаралық және ұлттық қауіпсіздік саласы өкілдерін, талдау құрылымдары мен ведомство қызметкерлерін, «Саясаттану», «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандықтары бойынша студенттер мен докторанттарды, Астана қ. аккредитациядан өткен дипломатиялық корпус өкілдерін және қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды шақырамыз.

 

Қатысушыларды тіркеу: сағат 09.00-ден.

Анықтама телефоны: +7 7172 69-30-24, turarova@research-akorda.kz Дина Тұрарова; +7 7172 69-30-92, rakhimzhanova@research-akorda.kz Анар Рахымжанова

 

БАҚ-ты аккредитациялау мына телефон бойынша: 8 7172 69-30-53/54

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com