BINOM SCHOOL-ДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ – ДӘСТҮРЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР СИНТЕЗІ» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

27 қазан сағат 14.00-де Қ. Сәтбаев атындағы Binom School-да (38-ші көше, 40а, Астана қ.) «Тұңғыш» көшпелі экскурсия жобасы және «Жаңа Қазақстан: сапалы білім – дәстүрлер мен инновациялар синтезі» көрмесі ашылады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы мен Қ. Сәтбаев атындағы Binom School басшылары, мектеп оқушылары, ата-аналар қатысады.

Binom School қабырғасында өтетін «Тұңғыш» жобасы қазақ ағартушысы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған. Жоба аясында екі бөлімнен тұратын «Жаңа Қазақстан: сапалы білім – дәстүрлер мен инновациялар синтезі» қор көрмесі ашылады.

«Қазақстандағы ағартушылықтың қайнар көзі» бөлімінде ерте көшпелілердің тарихы мен мәдениетін ашатын музей заттары, мұрағат құжаттары, фотосуреттер мен бейнематериалдар ұсынылатын болады.

«Зияткерлі ұлт» бөлімінің материалдары қазіргі Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуы туралы баяндайды.

Экскурсиялық жоба аясында «Дала сазының қайнар көзі», «Қазақстанның спорттық даңқы», «Жаңғырған қазына», «Жазу тарихы және жазба құралдарының дамуы» атты тақырыптық көшпелі экскурсиялар, «Қазақ халқының рухани мұрасы» квест-экскурсиясы, «Жаңа Қазақстан: сапалы білім – дәстүрлер мен инновациялардың синтезі» шолу экскурсиясы, бейнеэкскурсиялардың топтамасы ұсынылады.

57 музей экспонаттары мен 45 кітап басылымдары қойылатын «Жаңа Қазақстан: сапалы білім – дәстүрлер мен инновациялар синтезі» көрмесі бойынша өткізілетін шолу экскурсиясының барысында тыңдаушылар көрменің бөлімдерімен жан-жақты танысады.

Қ.Сәтбаев атындағы Binom School-дің 500-ден астам оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналары түрлі жанрдағы экскурсияларға барып, музей ортасына еніп, еліміздің дамуы туралы тарихи мәліметтермен білім қорын байытады.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті 27.10.22 күнгі сағат 10.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com  электрон поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірі: + 7 (7172) 69-30-56.