АЙДАНА МІНАЙДАРОВАНЫҢ «КҮН ШАПАҒЫ» СУРЕТ КӨРМЕСІ

2022 жылғы 17 наурыз күні,  сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасынының көркем галереясында (Бөкейхан көшесі, 1а) Нұр-Сұлтан қаласы суретшілер Одағы жастар бірлестігінің мүшесі Айдана Мінайдарованың «Күн шапағы» жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Көрме – суретшінің шығармашылық жолындағы алғашқы дебюті. Мұнда автор акварель және майлы бояумен салынған 50-ден астам туындысын ұсынбақ.
Көрме аясында шығармашылық іс-шаралар циклін өткізу жоспарланған: акварельді портретті орындау бойынша көрме авторынан шеберлік сағаты; психолог А. Жансерікованың қатысуымен отбасылық құндылықтар, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынастары, тренингке қатысушылардың жұмыстары бойынша блиц-көрме ұйымдастыру тақырыптарында «Ата-аналар мен балалар: сенім және достық» шығармашылық тренингі; өнертанушы П.Жукованың «Pollock: sense of colours» (Түстерді сезіну) дәрісі. 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 17.03.22 күнгі сағат 12.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-57.