2022 жылғы 2 қарашада сағат 11:00-де Назарбаев орталығында Қазақстан мен шет мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі: тарихи мұра және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы.
Шара тарихи динамикадағы қазақ дипломатиясының негізгі кезеңдерін талқылау мақсатында өткізіліп отыр.
Дөңгелек үстел отырысының жұмысына Қазақстан дипломатиялық қызметі қалыптасуының бастауында тұрған белгілі мемлекет қайраткерлері, республикада тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының мамандандырылған факультеттерінің студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады.
Сонымен қатар, іс-шара аясында Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды оқиғаларды қамтитын мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер көрсетілетін «Қазақ дипломатиясы: көпвекторлық және теңгерім» көрмесі өтеді.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті нысанға сәйкес 01.11.22 күнгі сағат 15.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.
Ұсынылған деректер бойынша арнайы рұқсаттамалар дайындалатынын ескертеміз.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған аккредиттеу мерзімі өткеннен кейін БАҚ өкілдерін тіркеу жүргізілмейді.
БАҚ өкілдерін мына мекенжайға келулеріңізді сұраймыз: Ә.Бөкейхана көшесі, 1а, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы, себебі іс-шараға өту осы ғимарат арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс нөмірі: + 7 (7172) 69-30-56 (Исина Айгерім).