Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі Райгүл Ахметжанованың «Бақыт құсы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» атты Кітапхананың жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Көрмеде киізден және шиден жасалған 30-дан астам жұмыс ұсынылады. Бұл техникада суретші қырық жылдан астам уақыт жұмыс істейді және осы уақыт ішінде оның дүниетанымы мен шығармашылық бейімділігін көрсететін жарқын туындылар жасады. Райгүл Ахметжанова жаңа әдістерді енгізеді: өз жұмысында ағаш, керамика, киіз қолдана отырып, көлемді кеңістіктік формалар, композициялық элементтер жасайды.
Шебердің негізгі шығармашылық бағыты - дәстүрлі көркемдік техникадағы сәндік-бейнелеу жанрындағы жұмыс. Ши тоқу - қазақ халқының қолданбалы өнерінің дәстүрлі көркемдік техникасы, онда көркем материал ретінде далада кеңінен өсіп келе жатқан жіңішке қамыс қолданылады.
Р. Ахметжанованың шығармашылығы бүгінде көптеген марапаттар мен атақтардың иегері. Оның жұмыстары ҚР Орталық Мемлекеттік музейінде, жеке коллекцияларда, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Швецияда, Пәкістанда, Францияда, Голландияда жеке коллекцияларда сақтаулы.
Көрме келесі мекен-жай бойынша ұйымдастырылады: Астана қ., А. Бокейхана к-сі, 1А, ҚР Тұңғыш Презеиденті кітапханасының ғимараты.
Байланыс телефондары: 69 30 56
Анықтама: Райгүл Ахметжанова 1955 жылы 18 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданы Туғанбай ауылында дүниеге келген. 1980 жылы өнеркәсіптік графика мамандығы бойынша Строганов атындағы Мәскеу жоғары көркемсурет-өнеркәсіп училищесін бітірген. 1985 жылы графика мамандығы бойынша Мәскеу полиграфия институтын тәмамдаған. 1980-1989 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы ОК баспасының бас суретшісі, Ө. Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінде арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 1998 жылға дейін «Дәуір» баспасында суретші-дизайнер болды.
Суретші 2006 жылдан бастап ҚР суретшілер Одағының мүшесі. (2015 ж) Ә. Қастеев атындағы «Үздік шығармашылығы үшін» медалімен марапатталған.