2017 жылы 3 шілдеде сағат 14.30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы Музейінде Астана күніне арналған «Астана – Қазақстанның стратегиялық бағыты» атты «дөңгелек үстел» өткізіледі.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы тарихи шешімінің маңызы зор. Қазақстан егемендікке қол жеткізген тұста тәуелсіз мемлекеттің астанасы көптеген жаңа талаптарға сай келуге тиіс екендігі айқын белгілі болды. Астананың ауыстырылу мүмкіндігі туралы Қазақстан Президенті ХХ ғасырдың 90-жылдарына қарай, посткеңестік елдердегі күрделі кезеңдерде айтқан болатын.
2017 жылы 10-желтоқсанда Қазақстанның жаңа астанасының жарияланғанына 20 жыл толады. Жас әрі серпінді дамып келе жатқан қала мемлекеттілік пен егемендіктің ерекше нышанына айналды, Елбасының қазіргі геосаяси және геоэкономиалық жағдайларда күшті демократиялық мемлекет құру туралы жүзеге асқан стратегиялық идеясы болып табылады.
Астананың көшірілуі қаланың экономикалық дамуына қуатты күш берді. Еуразиялық континенттің ортасында орналасуы Астананы ыңғайлы көліктік, коммуникациялық және логистикалық орталыққа, Еуропа мен Азияның аралығындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырады.
«Астана біз үшін – бірігудің, тұтастықтың, халқымыздың өз күшіне, ерекше мүмкіндіктеріне деген сенімінің рухтандырушы рәмізі. Астана рухы ғасырлық дәстүрлерді, даналықты, халықтың шығармашылығын, Қазақстан халқының өткенін, қазіргісі мен келешегін сабақтастырады. Біздің мемлекетімізде, экономика мен қоғамда тәуелсіздік жылдары болған түбегейлі өзгерістер елордамызда айнадағыдай көрініс тапқан» деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның елордасы Астананың қалыптасуының саяси, әлеуметтік-экономикалық аспектілерін, қаланың халықаралық аренадағы жетістіктерін, сонымен қатар, оның дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ерекше рөлі мен бастамаларын талқылау және саралау.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті,
Астана қ. ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер мен сарапшылар қатысады.
Кіру тегін.
Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11.