6 шілде күні Елбасының кітапханасында Астананың кәмелеттік жасқа толуына арналған онкүндік аясындағы мерекелік шаралар сағат 10:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады. Бірегей мұрағат құжаттары мен фотодеректердің 5 көрмесін тамашалауға болады: «Елбасы Әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз», «Естелікке қолтаңба», «Астананың болашағы – балалардың көзімен», «Еуразия жүрегінде», «Абыройы асқақтаған Астана». Кітапханадағы робот-гид Айдос экскурсия және зияткерлік викторина өткізеді.
Сағат 10:00, 15:00 «Елбасы жолы» киноэпопеясының үшінші бөлімі «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмі (қазақ және орыс тілінде).
Сағат 11:00-18:00 аралығында «Кемел Ел» мәдени-білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығы мүшелерімен «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивтік сабағы өтеді.
Сағат 11.00-ден бастап 18:00-ге дейін екі дүркін әлем чемпионы, «Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ спорты федерациясы» ЗТБ атқарушы директоры Серік Ақтаевтың шеберлік сабағы және тоғызқұмалақтан турнирі ұйымдастырылады. Кітапхана қонақтарын қатысуға шақырамыз.