27 тамыз күні Елбасы кітапханасының ресми сайтында Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық қарсылық күніне арналған видеотур ұсынылады.
10 жыл бұрын 2010 жылдың 29 тамызында барша әлем Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен негізі қаланған Халықаралық ядролық сынақ әрекеттеріне қарсы күнді алғаш рет атап өтті. Қарардың мазмұны «ядролық сынақтардың салдары мен ядролық қарудан азат бейбіт әлем құрудың құралы ретінде» хабардар болуға шақырудан тұрады. Бұл бастаманы Қазақстан 1991 жылдың 29 тамызында жабылған Семей ядролық полигонының құрметіне көтерген еді. Ядролық сынаққа қарсы Халықаралық күн бекітілгеннен кейін 2010 жылдың мамырында Ядролық қаруды таратпау туралы Келісім жасасқан мемлекеттер өзара «ядролық қарусыз бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу» міндетін алды.
Елбасы кітапханасы дайындаған видеотур материалдарында Қазақстан жерінде ядролық сынақтардың тоқтауына қарсы күрестерді көрсетеді, бұған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама танытып, батыл шешім қабылдаған еді.
Көрермендер Қазақстан Республикасының жаһандық тәсілін, ядролық қару мен ядролық сынақ өткізуден бас тартып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздеген оның Тұңғыш Президентінің тәсілін «Нұрсұлтан Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыс лидері» экспозициясынан, таңдаулы мұрағат материалдарынан, фото және видеоматериалдардан, мақалалардан, музей жәдігерлері және Елбасы кітапханасы қорының кітаптарынан көріп, таныса алады.
Ядролық қаруды таратпау саласында жаһандық лидер атанған Елбасының бастамалары жаппай қырып-жоятын қару-жарақ және ядролық қаруды таратпау бойынша әлемдік тыныштықты сақтауда даму стратегиясын анықтады. Бұған ядролық қарусыз әлем және оны таратпауда қосқан үлесі үшін алған Елбасының халықаралық марапаттары дәлел бола алады.
