2017 жылғы 28 ақпанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 10) «Алғыс айту күні – Қазақстан халқы бірлігінің нышаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Алғыс айту күні қарсаңындағы келелі жиын барысында қазақстандық біртектілік, бірлік пен толеранттылық, «Мәңгілік ел» құндылықтары және Елбасы кітапханасы мен этномәдени бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықтың келешегі мәселелері кеңінен қаузалады.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, «Қоғамдық келісім» РММ, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, «Жастар» ҒЗО, Әзербайжан мәдени орталығының өкілдері қатысады.