30 қараша күні «С Назарбаевым о главном» деректі фильм ұсынылады

2015 жылдың басты оқиғалары мен Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдердің онкүндігі жалғасуда.

30 қарашада «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ онкүндігі барысында сағат 15:00-де «С Назарбаевым о главном» деректі фильмі көрсетіледі. Сұхбат форматында жазылған еңбекте Елбасы ел ішіндегі маңызды оқиғалар мен ірі реформалар жайлы ой қозғайды. Жобаның ерекшелігі – Президенттің бүгінгі пікірлері мен егемендіктің алғашқы жылдары айтқан ойларын салыстыра отырып, сұхбат түрінде құрылуында.

Фильм көрсетілімінен кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешіні» КЕАҚ Бас директоры Ерлан Бекхожинмен кездесу өтеді