2015 жылдың айтулы даталарына және Елбасының қызметіне арналған «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігі жалғасуда.
27 қараша күні «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» кино онкүндігі аясында сағат 15:00-де Елбасы кітапханасында режиссёр Рүстем Әбдрашевтың «Балалық шағымның аспаны» туындысы ұсынылады. Фильм Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың балалық шағы туралы баяндайды.
Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын Елбасы кітапханасына келіп, фильмді тамашалауға шақырамыз. Көрсетілімнен кейін қазақ кинематографиясының белгілі актерларының бірімен кездесу ұйымдастырылады.