Аңдатпа мұрағаты 2022

«КІТАПХАНА МЕН АРХИВ – АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ» КӘСІБИ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ

25 мамыр 2022

2022 жылдың 27 мамырында, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «open space» форматында «Кітапхана мен архив ақпараттық-білім беру және ғылыми-зерттеу ортасының элементі» кәсіби сессиясын өткізеді.

«ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ» КӨШПЕЛІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

18 мамыр 2022

20 мамырда, сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде (Щучинск қ.) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай «Ұлы дала ұландары» көшпелі көрмесі ашылады. Көрме Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» экскурсиялық жобасының аясында ұйымдастырылмақ.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «МУЗЕЙ ЭКОЖҮЙЕСІ: ПАНДЕМИЯ САБАҚТАРЫ» КӘСІБИ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ

12 мамыр 2022

2022 жылғы 13 мамырда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «open space» форматында «Музей экожүйесі: пандемия сабақтары» кәсіби сессиясы өтеді. Сессия жұмысына Елбасы кітапханасы  мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, еліміздегі музей мекемелерінің қызметкерлері қатысады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

04 мамыр 2022

4 мамырда, сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан к-сі, 1а) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының батырлары Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала ұландары» көрмесі ашылады.

Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» экскурсиялық жобасы іске қосылады

14 сәуір 2022

2022 жылдың 18 сәуірінде, сағат 15.00-деНұр-Сұлтан қаласындағы Astana IT Universityтөрінде («ЭКСПО» бизнес орталығы, С1 блогы)Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» экскурсиялық жобасының ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Қазақстанда президенттік институттың құрылған күніне (1990 жылдың 24 сәуірі) орайластырылады.

Оның аясында «Сақ мәдениеті заманауи Қазақстан келбетінде», «Жапон мәдениетіндегі самурайлар бейнесі», «Уақыт сақшылары. Фототехниканың даму тарихы» тематикалық экскурсиялары ұйымдастырылады.

БІЗ БАРШАҢЫЗДЫ ЭКСКУРСИЯДА КҮТЕМІЗ!

13 сәуір 2022

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Ә.Бөкейхан көшесі, 1А мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі сіздер үшін ашық екенін және экскурсиялық турлардың жалғасатынын хабарлаймыз.
Музей күн сайын сағат 10.00-18.00 аралығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, белгіленген режимде жұмыс істейді.
Экспозицияға кіру уақыты – 17.15-ке дейін. 
Демалыс күні – дүйсенбі.
Экскурсияға өтінімдер көрсетілген телефондар арқылы алдын ала қабылданады: 69 30 08, 69 30 44, 69 30 40

«РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ» атты үздік бейнероликке арналған қалалық байқауы

07 сәуір 2022

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай «РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ» атты үздік бейнероликке арналған қалалық байқау өткізеді. 

АЙДАНА МІНАЙДАРОВАНЫҢ «КҮН ШАПАҒЫ» СУРЕТ КӨРМЕСІ

15 наурыз 2022

2022 жылғы 17 наурыз күні,  сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасынының көркем галереясында (Бөкейхан көшесі, 1а) Нұр-Сұлтан қаласы суретшілер Одағы жастар бірлестігінің мүшесі Айдана Мінайдарованың «Күн шапағы» жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Көрме – суретшінің шығармашылық жолындағы алғашқы дебюті. Мұнда автор акварель және майлы бояумен салынған 50-ден астам туындысын ұсынбақ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Туған жер – тұғырым, туған жер – Отаным» тақырыбында командалық жобалардың ашық шығармашылық конкурсын жариялайды.

09 наурыз 2022

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Туған жер – тұғырым, туған жер – Отаным» тақырыбында командалық жобалардың ашық шығармашылық конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты – оқушыларды туып-өскен жерінің маңызды тарихы мен сол өлкенін тарихи тұлғаларын танып-білу арқылы еліміз бен халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтау әрі насихаттау үшін ғылыми- зерттеу жүргізуге баулу. 

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ» КВЕСТ-ЭКСКУРСИЯЛАР СЕРИЯСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

09 наурыз 2022

10 наурызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Бөкейхан көшесі, 1а) Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып өткізілген квест-экскурсиялар сериясының қорытындысы шығарылады.