ПРЕЗИДЕНТТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСУДА

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Сайлауалды бағдарламасында әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам сынды үш қағидатқа негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшу жарияланды. 

Әділетті қоғам қағидасы дамыған әлеуметтік инфрақұрылым мен адам әлеуетін іске асырудың мол мүмкіндіктерін құруды көздейді.

Бағдарламаның үшінші бөлімінде қолжетімді және сапалы білімге басымдық берілген, сондықтан: шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде мыңнан астам мектепті жаңғырту; робототехника, химия, биология және физика пәндері бойынша кемінде 7000 кабинетін ашу; балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту үшін 50 балалар сауықтыру лагерін ашу және кемінде 100 жаңа ірі нысан салу; балаларға спорт секцияларына немесе шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру; студенттердің шәкіртақы мөлшерін 2 есеге ұлғайту; студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу жағы жоспарланған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қоғамның негізгі қозғаушы күші деп санайды. Сондықтан билік институттары мен жастардың сындарлы өзара әрекеттесуі үшін барлық жағдайды жасау қажет. Осы мақсатта жастар саясаты туралы жаңа тұжырымдама мен заң қабылданып, қоғамдық кеңестерде жастар квотасы енгізіліп, жас кәсіпкерлерге конкурстық негізде жылдық 2,5 пайызбен жеңілдіктілген несиелер берілмек. 

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында жастарға жеңілдетілген шағын несие беру қағидаларын бекітті. Осыған орай, әзірленген қағидалар кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 бен 35 жас аралығындағы жастарға конкурстық негізде шағын несие беруді көздейді. 

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі. 

Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды. 

 

Мәдени-ағартушылық жобалар 

қызметінің басшысы

Исинова К.С.