ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! БАРШАҢЫЗДЫ ІЗГІЛІК ПЕН МЕЙІРБАНДЫҚТЫҢ АСЫЛ МЕРЕКЕСІ – ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Дүбірлі діни мерекеде әр адам игі істер атқарып, айналасына шуақ шашуға ұмтылады. Бұл күні әлемдегі күллі мұсылмандар мен әртүрлі дін өкілдері арасындағы өзара сыйластық арта түседі. Бірлік пен мейірімге үндейтін осынау мерекені ұлтымыз о бастан ұлықтаған.

Берекеге бастайтын мейрамда баршаңызға жақсылық пен бақыт тілеймін! Құрбан айтта шалған құрбандарыңыз бен ақ тілектеріңіз қабыл болсын!

 

Ізгі тілекпен,

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы

кітапханасының директоры

Бақытжан Темірболат