Заместитель директора Библиотеки Лидера Нации Т.Шаймергенов провел серию лекций в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге арналған бағдарлама бойынша кәсіби біліктілігін жоғарылатып жатқан «А» корпусының тыңдаушылары үшін дәрістер оқыды.    

DSC_0421

Дәріс тақырыбы бүгінгі басқару тәжірибесіндегі көшбасшылық мәселесіне арналды. Тыңдаушылар қатарында Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушілері, министрліктер комитеттерінің төрағалары, облыстық және аудандық әкімдік аппараттарының басшылары болды.

Кездесу барысында Т. Шаймергенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы туралы баяндап берді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметтік үлгісімен басқарудың тиімді тетіктерін, Мемлекет басшысының нақты бастамалары мен әдістерінің ерекшелігі мен әдістемесі жөнінде әңгімеледі.

DSC_0377

Қазақстан мен ТМД елдерінің 1990 жылдардан бүгінге дейінгі даму тарихында мемлекет құру жолындағы көшбасшылықтың рөлі мен маңызы айқын көрініс тапты. Осындай нақты басқару тетіктерін сараптау барысында қазақстандық үлгінің посткеңестік өзге мемлекеттер тәжірибесімен салыстырғандағы анық ұтымды тұстары баяндалды.

Аталған дәрістерде қазақстандық мемлекеттік басқарудағы басқарушылық көшбасшылықтың жекелеген нақты мысалдар әдістемелерінің жетілген және осал тұстары сыни әрі мұқият зерделенді. Әсіресе мән берілгендері – талдау мен болжаудың қолданылуы, стратегиялық болжам, жоспарлау, ұйымдастырушылық дайындық, коммуникация, жеке жауапкершілік және т.б. мәселелері.

DSC_0411

Лекция интерактивтік пікірталасқа айналды. Оның барысында аймақтық деңгейдегі басқарудың жекелеген мәселелері қарастырылып, олардың түйінін тарқатудың ықтимал жолдары пысықталды. Сондай-ақ қазіргі заманғы басқару тәжірибесінің кейбір қиындықтары талқыланды. Бұл тақырыпта, мысалы, көшбасшылардың ақпараттық технологиялардың қарқынды даму жағдайында аудиториямен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын атап көрсетуге болады.