Выставка высших наград иностранных государств «Әлем қадірлеген Елбасы» («Лидер, признанный миром»)

26 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында салтанатты түрде «Әлем қадірлеген Елбасы» атты  шетел мемлекеттерінің жоғары наградалар көрмесі ашылды.    

0U3A9496

Көпшілік назарына алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевқа берілген  шет мемлекеттердің 39 жоғары наградалары ұсынылды.

Коллекцияда Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Ватикан, Франция, Ауғанстан, Қытай және басқа да елдерден берілген наградалар қойылған. Көрмені Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков ашты.

«Көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып ашылды. Бұл наградалар біздің Мемлекет басшысымыздың әлем қауымдастығының мойындағанының белгісі болып табылады. Бүгінгі күнге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 39 шетел наградасы берілген. Бұл елдер оны лидер ретінде мойындап, Қазақстанды күшті ел ретінде мойындады деуге болады», - деді Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков көрменің ашылуы барысында.

0U3A9518

Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай көрменің ерекшелігіне тоқталды:

Бүгінгі көрменің бірегейлігі сол, мұнда қойылған әр медальдің, әр орденнің өзіндік тарихы бар. Әр награда – бұл біздің Елбасымыздың ұлы еңбегі. Біздің Президентіміз Қазақстанды барша әлемге танытты. Біз өз Президентімізді мақтан етуіміз керек!

Баршаңызды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Президент күні – бұл Елбасының еліміздің құрылысы мен өркендеу жолындағы еңбегі үшін құрмет болып табылады.

0U3A9571

Шараға сондай-ақ, жазушы Әкім Тарази, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшадинова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылары, Қазақ технология және бизнес университетінің, Қазақстандағы елшіліктердің өкілдері, саясат және қоғамдық қайраткерлер қатысты.   

Сондай-ақ, 26 қарашада «Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы» атты интерактивтік көрме өз жұмысын бастады.

Көрменің мақсаты – мұрағаттық құжаттар арқылы президенттік институттың қалыптасуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің нығаюның негізгі кезеңдерін көрсету. Көрме бірінші қабатта атриумдағы үлкен экранда көрсетіліеді. Көрме 2016 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.