ВЫЕЗДНАЯ ЛЕКЦИЯ «1 ДЕКАБРЯ – ДЕНЬ ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

25 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Энергетика және байланыс кооледжінде Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» көшпелі дәрісін өткізді. Іс-шараға колледж директоры Сәуле Өмірбекова бастаған 70-тен аса оқытушылар мен студенттер қатысты.

Алдағы мемлекеттік мерекеге арналған дәріс жаңа кітаптарға, Елбасының бағдарламалық мақалалар мен Жолдауына негізделген.

Дәріскер Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі мемлекеттің негізін қалаушысы, тәуелсіздік жетістіктерінің бастамашысы және құрушысы ретіндегі рөлін атап өтті. «Колледж студенттеріне арналған дәріс барысында мен Елбасының қарапайым қазақстандықтардың, оның ішінде жастардың қажеттіліктеріне ерекше көңіл бөлетіндігіне тоқталдым. Оның тапсырмалары осы жылдың қаңтар айында Жастар жылының ашылуында айтылды. Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен соған негізделген бағдарламаларының маңызы өте зор, -деді Ғ.Телебаев.

Энергетика және байланыс колледжінің басшылығы мен студенттері профессорға қызықты дәрісі үшін алғыстарын білдірді.