Деректі фильмдер онкүндігінің екінші күнінде көрермен назарына «Нью-Йорк – Астана. Глобальные инициативы Казахстана» қысқаметражды туындысы ұсынылды.
Көрсетілімге Астана қаласының ЖОО-ның студенттері мен колледж оқушылары қатысты. Атап айтар болсақ, Қазақ мемлекеттік заң университетінің, Гуманитарлық колледжінің, Менеджмент және Бизнес колледжінің тәлімгерлері келді.
Шара соңында Елбасының кітапханасы Талдау кешенінің ғылыми қызметкері Дина Тұрарова лекция оқыды.
- Тұңғыш Президентінің күні Қазақстанның президенттік басқару формасына өткенін айқындай түседі. Нақты президенттік басқару бізге көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Олар осы фильмде көрініс тапқан. Президентіміздің айтуынша, алғашында Қазақстанның қай жерде екенін көрсету үшін карта қолданып, ел туралы әңгімелеуі керек болса, бүгінгі күні әлем қоғамдастығының алдында біздің рөліміз туралы сеніммен айтатын мүмкіндікке жеттік, - деді Д.Тұрарова.
Сондай-ақ, студенттер үшін Кітапхана бойынша экскурсия жүргізілді. Осылай, көрсетілім алдында өскелең ұрпақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көрмелер, экспозицияларды тамашалап, оның бастамаларымен, жасампаз идеяларымен жақынырақ танысты.
Ертең, 25 қараша күні сағат 15:00-де «Нұрлы жол – бірлік шұғыласы» атты деректі фильмінің көрсетілімі болады.
Астана тұрғындары мен қала қонақтарын көрсетілімге шақырамыз!



