Великой Победе посвящается

 2015 жылдың 18-19 сәуірі күндері ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің кезекті пленарлық отырысы өтті. Оның аясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кітаптар мен тарихи құжаттардың тұсаукесері ұйымдастырылды. Шара барысында Достастық елдерінде кейінгі жеті жыл ішінде жарық көрген жұмыстар таныстырылды.

DSC03765 (1)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы келушілер назарына Бауыржан Момышұлының «Психология войны», В.Г.Григорьев пен Л.С.Ахметованың «Панфиловцы: 60 дней подвига, ставшие легендой» кітаптарын ұсынды. Жиынға қатысушылар, әсіресе, елімізде 2004-2015 жылдары жарық көрген кітаптар мен тарихи материалдарға айрықша мән берді. Библиографиялық басылымды Елбасы кітапханасы мен Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана ұжымдары әзірлеген. Кітаптар мен тарихи материалдарды таныстыру рәсімін Елбасы кітапханасының ұйымдастыру-имидждік жұмыстар қызметінің басшысы М.О.Әбдікәрімов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Л.С.Ахметова ұйымдастырып, өткізді.

DSC03758

Аталған іс-шаралар Санкт-Петербургтегі Таврический сарайында өтті. Көрме жұмыстары ардагерлердің, Достастық елдері депутаттарының, жастардың ерекше қызығушылығын туғызды. Сөйлеушілер қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына зерделі көзқарасы, Жеңісті жақындатқан буынға тағзым-құрметіне ерекше тоқталды. Б.Момышұлының «Психология войны» кітабы жауынгер-азат етуші психологиясын ашуға бағытталуы кездейсоқ емес.

Ұлы жеңіске 70 жыл жақындаса да, сол кезеңнің зерттелмей жатқан тұстары әлі де көп. В.К.Григорьев пен Л.С.Ахметова өздерінің деректі зерттеу кітабында қазақстандық жауынгерлердің қиян-кескі ұрыстары мен аңызға айналар ерліктерін ашып көрсете білген. Кітаптың мазмұны жиналғандар тарапынан жоғары баға алды.

Іс-шара қатысушылардың өзара кітаптар, тарихи құжаттар алмасуына, тәжірибе бөлісуіне мүмкіндік берді. Іздестіру бөлімдері жұмыстарының нәтижелерін қорытындылады.