В семинар-тренинге «Идеи, меняющие мир» приняли участие студенты КазНТУ им. К.И. Сатпаева и АРГУ им. К.Жубанова

20-21 қазан күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университет студенттері үшін «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсы бойынша лекциялар мен тәжіребелік дәрістер өтті.

0U3A3661

Сертификат табыстау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі саясат қайраткері Қуаныш Сұлтанов қатысты.

- Жастарға деген ықыласымыз ерекше және сіздерден біз зор үміт күтеміз. Әр буын, әр ұрпақ өзінің дәуірінде өз жолымен жүретін және өзінің міндетін атқаратын мүмкіндік бар. Әсірісе, қазір. Сіздердің мүмкіндіктеріңіз көп. Сіздер керемет дәуірде өмір сүріп жүрсіздер. Сіздер Тәуелсіз Қазақстанның балаларысыздар!.. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев көп идея ұсынды, біздің алдымызға, сіздерге елімізді жаңа деңгейге көтеріп, 30 дамыған елдің  қатарына кіру үшін бірқатар тапсырма жүктеді. Оның барлығына жеткізетін сіздерсіздер. Ол үшін көп оқып, көп білу керек. Астанада болған екі күніңізде көп нәрсе көрдіңіздер, жаңа білім алуға мүмкіндік алдыңыздар. Университеттеріңізді ойдағыдай аяқтап,  еліміздің болашағы үшін жемісті жұмыс істеуді тілеймін. Болашақта Қазақстанның лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін, - деді «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг қатысушыларына сөз жолдаған Қуаныш Сұлтанов.

0U3A3749

Мәдина Еркінова, Қ.И.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ студенті:

- Біздің университетіміздің студенттері атынан алғыс білдіргіміз келеді. Себебі, осындай үлкен дәрежеде бізге семинар-тренинг өткізіп, қызықты шаралар өткізгендеріңізге көптен-көп рахмет. Өзіміздің болашағымызға үлес қосатындай үлкен мағлұматтар алдық. Біздер  Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуға атсалысамыз.

0U3A3811

Шаттық Қали, Қ.Жұбанов ат. АӨМУ студенті:

- Сіздерге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университетінің студенттері атынан алғыс білдіреміз. Осындай керемет дүние ұйымдастырып, Елбасының қадамдарын бізге осындай деңгейде жеткізгендеріңізге алғыс білдіреміз. Мен, шынымды айтсам алғаш рет кіріп тұрмын осындай керемет ғимаратқа, өзіме көп мағлұмат, өмірлік тәжірибе алғандай болдым.

0U3A3862

Мәди Мырзабек, Қ.И.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ студенті:

- Екікүндік семинар-тренингте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «10 нақты қадамын» толық түсіндім, меңгердім не үшін екенін көрдім, көзім жетті. Енді өз университетімнің басқа студенттеріне, мектеп оқушыларына осы жүз қадамды түсіндіріп, айтып беремін деп уәде беремін! «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингте түсінгенім – әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!

0U3A3841

«Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерделеуге бағытталған. Дәрістерді еліміздің белгілі ғалымдары, ғылым докторлары мен профессорлар өткізеді. Тәжірибе сабақтарына Елбасы кітапханасының экспозиция-көрме аумағында орналасқан интерактивтік үстелдер пайдаланылады.

0U3A3486

Екікүндік семинар-тренингтер 2015 ж. 1 қазанынан бастап апта сайын жоғары оқу орындарының студенттері, колледж бен мектеп оқушылары үшін   өткізіледі. Бүгінгі күнге дейін білім курсынан Алматы, Астана, Тараз, Оңтүстік Қазақстан облысының студенттері мен оқушылары өтті.

Білім беру жобасы барысында 3 мыңнан аса адам қамтылады.

1X7A9570