В семинар-тренинге «Идеи, меняющие мир» приняли участие студенты из Усть-Каменогорска и Тараза

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 45 студенті «Ұлт Жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» курсы бойынша сертификаттарға ие болды.

0U3A8011

Елбасы кітапханасының білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған.

- Бұл семинар біздің жастарымыз бүгінгі оңай емес жағдайда саясаттың қалай жүргізіліп жатқандығынын білуі үшін және Президентіміз бен Үкіметтің қолға алған амалдарымен таныстыруы мақсатында жүргізіліп жатқан жоба. Сол себепті басталған жұмысты одан әрі қарай жалғастыруда сіздерге үлкен үміт артылады.

Сертификат табыстау шарасына еліміздің дамуына үлес қосып жүрген елге, шет елдеріне белгілі адамдарды шақырамыз, - деді «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев.

0U3A8023

Бұл жолғы сертификат табыстау шарасына  «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңгерген қайраткері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Президиумының мүшесі Абай Байгенжин.

Студенттерді семинар-тренингтің аяқталуымен құттықтаған А.Байгенжин:

- Осында келген сайын ерекше сезімде боламын. Өйткені, бұл ғимарат ішінде Мемлекет басшысы – Тұңғыш Президент жазған бірегей еңбектері сақтаулы.  

Сіздердің естелікке сертификатпен қоса Президент Кеңсесі бастығының, ғылым докторы, Қазақстанға белгілі публицист, Президенттің библиографы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбековтың қолы қойылған кітапқа ие болуыңыз өте құнды. Мұнда алған білім Қазақстан Республикасының дамуына қызмет етудегі жұмысыңызға көп септігін тигізеді, - деді.

Өз кезегінде студенттер қауымы «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг туралы өз ойларын білдірді.

0U3A8162

Ерсұлтан Нұрмахан, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті:

- Осында келерде өзіміз бес институционалдық реформаларды оқыдық. Алайда, екі күн ішінде аталған бағыт бойынша жаңа, құнды мәлімет алдық. Бұл біздің еліміздің дамуы үшін өте қажетті ақпарат. Осы семинар-тренингке қатысу үшін осында келуімізге септескендердің барлығына алғыс білдіремін.

0U3A8205

Айсана Серікқызы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенті:

- «100 нақты қадам» және біздің Президентіміздің саясатының мәнін толықтай түсіндіріп берген оқытушыларға үлкен ризашылық білдіреміз. Қазақстанымыздың, яғни туған жеріміздің өсіп-өркендеуі үшін біз алдымызға жоғары мақсат қойып, көп еңбектенуіміз керек.