В Библиотеке Лидера Нации стартовала декада кино «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған шаралар басталды.

23 қараша күні дәстүрлі «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігі ашылды. Он күнде көрермен назарына 2015 жылдың айтулы даталарына және Елбасының қызметіне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешіні дайындаған туындылары ұсынылады.  

0U3A8652

- Онкүндік барысында көрсетілетін фильмдерде Қазақстанда және жалпы дүниежүзінде болып жатқан маңызды жайттар туралы көрсетіледі және ол фильмдер Елбасына қатысты. Бұл мазмұны жағынан өте қызықты фильмдер. Сол себепті жастарымызды, қала қонақтары мен тұрғындарын келіп көруге шақырамыз. Біз үшін Мемлекет басшысының бастамаларын нақты жастар білгені өте маңызды. Бұл онкүндік аралығында Қазақстанды жан-жағынан қарастыратын боламыз, - деді шараның ашылуы барысында Елбасы кітапханасының атқарушы директоры  Бейсембай Жұмабеков.

Деректі фильмдер көрсетілімі жұмыс күндері (23-27 қараша және 30 қараша мен  4 желтоқсан аралығында) сағат 15:00-де басталады. Фильмдерді Астана қаласының әр тұрғыны мен қала қонақтары тамалай ала алады.  

0U3A8671

Онкүндікке 3 мыңға жуық Астана қаласының ЖОО, колледж және мектеп оқушылары мен әр қалаған адам қатысады деп күтіледі. Шара барысында белгілі саясат және қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Шараның мақсаты: деректі фильмдер арқылы, аға буынмен кездесуі арқылы өскелең ұрпақтың бойында Тәуелсіз Қазақстан туралы, Мемлекет басшысының қызметі туралы жүйелі түрдегі ойды қалыптастыру.

Онкүндіктің бірінші күнінде «Нью-Йорк - Астана. Қазақстанның ғаламдық бастамалары» фильмі көрсетілді. Қысқаметражды фильм Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 70-сессиясына қатысуы туралы баяндайды. Мемлекет басшысы өз баяндамасын жаһандық қауіпсіздік проблемаларына арнаған еді. Халықаралық қауымдастық қазақ басшысының жаһандық бастамаларын жоғары бағалады. Екі саммит пен жалпы пікір-таластарға қатысқаннан кейін айтқан сөздері дәйексөз ретінде кең тараған саясаткерлердің біріне айналды. БҰҰ мінберінен алғаш рет қазақ тілі естілді.

0U3A8682

Фильм көрсетілімен кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясат ғылымдарының докторы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Қуаныш Сұлтановпен кездесу ұйымдастырылды.  

«Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы Мемлекет басшысы ретінде бірінші рет, осыдан 23 жыл бұрын БҰҰ мінберінен сөйледі. Сонда бірнеше ұсыныс берді. Солардың ішінде Азия мемлеттерінің арасында өзара түсіністік және соғысты болдырмау туралы шаралары жөніндегі Кеңес ұйымдастырун. Сонда көп адамдар, көптеген саясаткерлер оған сенімсіздікпен қараған болатын. Алайда, кейін біздің Президентіміздің  саяси қырағылығының арқасында қажетті шешім қабылданғаны байқалды. Ондаған жылдардан кейін әлем қауымдастығы биылғы жылы біздің Президентіміздің БҰҰ сөйлеген сөзін қалай қабылдағанын бәріміз байқадық.  

0U3A8703

Меніңше, осындай фильмдер сіздердің дүниетанымдарыңызды кеңейтіп, «Қазақстанның дамуы үшін қандай үлес қосамын?» деп ойлану үшін және патриоттық сезімді нығайтуға көмектеседі»

Фильмнен ерекше әсерленген жас көрермендер өз ойларымен бөлісіп, сауалдарын қойды.

Онкүндіктің басқа күндері көрермен назарына «Нұрлы жол – бірлік шұғыласы», «Қазақ хандығы. Шексіз уақыт кеңістігінде», «Көшбасшы күші», «Менің АСТАНАМ» фильмдері ұсынылады.

0U3A8711