В Библиотеке Лидера Нации обсудили новые подходы к безопасности в Центральной Азии

9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының Талдау орталығы Халықаралық басқарудағы инновациялар орталығымен (Канада) бірлесе отырып «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС» атты халықаралық конференция өткізді.

0U3A1509

Шара барысында Канада және Орталық Азия елдері мысалында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіп-қатерлердің алдын алу мәселесіндегі мемлекеттік басқарудың тәжірибесі таныстырылды.

Конференция «Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласындағы инновациялар» атты CIGI жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. 2015 жылдың көктемінде жұмысын бастаған жоба Орталық Азиядағы басқару мен аймақтық қауіпсіздікті зерттеу бойынша негізгі 6 мәселені қамтиды: терроризммен күрес, шекаралық бақылау, адамды саудалау және есіртк тасымалдау, энергетикалық және ядролық қауіпсіздік, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын басқару. Жоба шеңберінде конференциялар мен семинарлар өткізіліп, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті күшейту міселелері бойынша ғылыми-зерттеу баяндамалары жасалады. Жоба шетелдік әріптестермен, сонымен қатар канадалық мамандармен және сарапшылармен тығыз байланыста жүзеге асырылды.

0U3A1289

Шараны өткізу себебін түсіндірген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары Тимур Шаймергенов былай деді:

«Бүгінгі күні Канада өзінің этникалық, қоғамдық және басқа да мәселелердің түйіткілдерін табудағы тәжірибесіне сүйене отырып, Орталық Азия елдерінде туындаған ахуалмен, дағдарыстармен күресу жолдарын ұсынады. Ол негізінен шекаралық өзендерге байланысты. Себебі, қауіпсіздікке қатысты көптеген мәселелер елдер арасындағы қарым-қатынастан туындайды. Барлығымыз Өзбекстан, Қырғызстан мен Қырғызстан арасындағы шекаралық проблемалар туралы хабардармыз. Канада осындай мәселелер туындаған жағдайда жасалатын нақты қадамдарды ұсынады.  

Су мәселесі – өте күрделі мәселе. Орталық Азияда бір өзендердің жоғарғы не төменгі жағында орналасқан елдер бар. Мәселені ушықтырмай суды қалай тең бөлу керек? Осы секілді бірқатар проблемалар бар. Соны талқылаудамыз

Терроризм мәселесі де ушығып тұр. Мәселен, бұл жылы Канада Сириядан 25 мың босқынды қабылдауда. Әрине, кімнен, қандай қауіп төнуі мүмкін деген сауалдар туындайды.  

Неге Орталық Азия? Біріншіден, бұл аумақ әлемдік геополитиканың нақ ортасында орналасқан. Бұл жерде біздің көршілеріміз Ресей мен Қытай ғана емес, сонымен қатар АҚШ-тың қызығушылығы артты. Ол өзінің Орталық Азияға бағытталған 5S+1 жобасының қолға алынғаны туралы хабарлады. Оның үстіне Үндістан мен Жапония қызығушылық білдіріп, Еуроодақ аумағы бойынша өздерінің стратегияларын дайындап жатыр. Яғни, кішігірім бес ел ірі ойыншылардың жіті назарында екенін байқаймыз», - деді ол.

Іс-шара аясында Қазақстан, Орталық Азия мемлекеттері және Канада сарапшылары мен орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен тақырыптық пікір-таластар өткізілді.

0U3A1306

Сессия модераторы Маргарет Скок - CIGI жобасының жетекшісі және аға ғылыми қызметкері, 2006-2009 жж. Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар Қырғызстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасындағы Канаданың бұрынғы елшісі.

Канада қауіпсіздігін басқарудағы бірыңғай тәсілдер тақырыбында Канаданың  Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары, Канада қауіпсіздік қызметінің бұрынғы директоры Рейд Moрден баяндама жасады.

Орталық Азия қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік тәсілдерді орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері: Таалайбек Aджикулов - Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясатын жоспарлау, үйлестіру және талдау департаменті директорының орынбасары, Ойбек Махмудов - Өзбекстан Республикасының Корпоративтік басқарудың ғылыми және білім беру орталығының халықаралық бөлімінің басшысы ұсынды.

- Соңғы кездері ланкестік мәселесі көптеген халықаралық конференциялардың күн тәртібіне енгізіліп жүр. Бүгінгі таңда екі жақты қарым-қатынас шеңберінде, сондай-ақ халықаралық жағдайларда белсенді ынтымақтастықтар жасалынуда. Соның ішінде қоғамда радикализациялауға төтеп беру бағдарламасын дайындау мәселесі актуалды. Бүгінгі күні Орталық Азияның көптеген елінің азаматтары ИГИЛ ланкестік ұйымның жағында жүр. Кейін үйлеріне оралатын олар қауіп төндіреді. Сондай-ақ, Орталық Азия арқылы Еуропа елдеріне Ауғанстаннан жеткізілетін есірткі тасымалы аумақтағы жағдайды шиеленістіруде.  Сейсмикалық зонада немесе трансшекаралық өзендер бойында орналасқан уран қалдықтары сақталған жерлердегі топырақ құнарлығын қалпына келтіру мәселесіне де назар аудартқымыз келеді, - деді өз байяндамасында  Т.Аджикулов.

0U3A1434

… Орталық Азияның барлық елдерінің проблемаларын назарға ала отырып, ұсынып отырған Канаданың алаңы ынтымақтастықтың нақты форматын жасап шығаруға, белгілі-бір бағдарламаларды дайындауға көмектеседі. Алдағы уақытта өткізілетін сарапшылар кездесулері екіжақты немесе көпжақты жобалардың аясында іске асырылады деп үміттенемін, - деп қорытындылады өз сөзін Т.Аджикулов.

Сараптамалық талқылаулардың негізгі нәтижелері жұмыс қорытындысы бойынша қонақтарға ұсынылды. Конференцияға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар,  Канада және Орталық Азия елдерінің тәуелсіз сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан талдау органдары мен ведомстволарының қызметкерлері, студенттер мен Астана қаласының ЖОО-ның докторанттары қатысты.

0U3A1323