В АКТОБЕ СОСТОЯЛСЯ ПРАЗДНИЧНЫЙ КОНЦЕРТ ПРЕЗИДЕНТСКОГО ОРКЕСТРА В РАМКАХ ПРОЕКТА «Н.НАЗАРБАЕВ: ЭПОХА, ЛИЧНОСТЬ, ОБЩЕСТВО»

2018 жылғы 14 қарашада Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты кешенді көшпелі көрмесінің ашылуына орай өңір жұртшылығы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзеті Президенттік оркестрінің мерекелік концерті ұйымдастырылды.

 

Президенттік оркестр құрамында жемісті еңбек етіп жүрген мына музыкалық ұжымдар қалың жұртшылыққа өнерлерін паш етті: үрмелі оркестр, халық ансамблі, камералық музыка ансамблі, ән мен эстрада ансамблі, сондай-ақ би ансамблі. Концерттік бағдарламада Досымжан Таңатаров, Медет Салықов, Ардақ Балажанова, Олжас Сүлейменов, Гүлнұр Әділбекова, Асылхан Шалқаров, Гүлсім Мырзабекова, Бибігүл Сауытова сынды халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткерлердің орындауында әртүрлі жанрдағы шығармалар орындалды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзеті Президенттік оркестрі 1992 жылы протоколдық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да салтанатты шаралардың музыкалық бөлімін қамтамасыз ету үшін құрылған.

Аталған шара ірі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық шаралардан, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша көшпелі экскурсиялардан тұратын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты кешенді көшпелі көрмесі аясында өтті.