Учащиеся Костанайской и Северо-Казахстанской областей приняли участие в семинар-тренинге «Идеи, меняющие мир»

20 қарашада Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары қатысқан екі күндік «Әлемді өзгерткен идеялар» семинар-тренингі аяқталды.

0U3A8391

Ұлт көшбасшысы Кітапханасының білім беру жобасына  қатысушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» оқыту курсын сәтті тәмамдап, арнайы сертификаттар алды.

0U3A8409

Сертификаттарды табыстау рәсімі ҚР БҒМ Мемлекеттілік тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының дркторы, профессор, академик Бүркітбай Аяғанның қатысуымен өтті. Оқушыларды сертификат алуларымен құттықтаған Б.Аяған өз сөзінде:               

- «Әлемді өзгертетін идеялар» - тамаша ұран. Шындығында да, әлемді ірі революциялар мен көтерілістер емес, идеялар, жемісті идеялар өзгертеді. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әрдайым бейбітшілік үшін күресетін адам және елдегі тұрақт  ылық пен ұлтаралық келісімді берік сақтап келеді. Сондықтан, біз өзіміздің елімізді мақтан тұтамыз. Мен сіздерден әлемді жақсы жағына, бейбітшілік пен жасампаздыққа өзгертетін ұрпақты көрем», - деп атап өтті.

0U3A8413

Оқушылар семинар-тренигке қатысудан алған өз әсерлерімен бөлісті.

Данил Аношин, Солтүстік Қазақстан облысы:

- Қызықты және маңызды ақпарат, кажетті білім үшін, Қазақстанның терең тарихы мен мәдениетін және біздің елордамыз Астананы көрсеткендеріңіз үшін  рахмет. Мен үшін осы жобаның қатысушыларының қатарында болу мәртебе болды.   

0U3A8478

Шыңғыс Жұматов, Қостанай облысы.

- Барлық қатысушылардың атынан ұйымдастырушылар мен оқытушыларға алғысымды білдіргім келеді. Бізге артылған үміттерді ақтауға тырысамыз. Сондай-ақ, барлығын келе жатқан Тұңғыш Президент Күнімен құттықтаймын. Біздің елімізге бейбітшілік және халқымызға амандық тілеймін!

«Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренигтері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен ғаламдық бастамаларын, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» зерделеуге бағытталған. Дәрістерді белгілі отандық ғалымдар, ғылым докторлары, профессорлар өткізеді.

0U3A8628