Студенты педагогических вузов закончили курс семинар-тренингов «Идеи, меняющие мир»

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің және Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» курсынан өтті, арнайы сертификаттарға ие болды.

0U3A4682

Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков, семинар-тренинг қатысушыларын «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсын аяқтағанымен құттықтады.  

- Менің ойымша бұл тек алғашқы қадамдарыңыз әлі көп еңбектенуге тура келеді. Мында алынған ақпарат болашақта пайдалы және қажет болады деп сенеміз. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз, - деді өз сөзінде Б. Жұмабеков.

0U3A4722

Семинар-тренинг қатысушыларына сертификаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінің директоры Дархан Мыңбай табыстады.

- Бұл жай ғана семинар-тренингтер емес, бұл тағылымды сабақтар. Сіздерге ол өмір бойы сабақ болады. Осында алынған білім өміріңізде өз орнын алады деп сенемін. Бұл көп дүниені жалпы ішкі дүниені өзгертеді. Осындай қажет жобаны қолға алған Елбасы кітапханасына рахметімді айтқым келеді, - деді Д. Мыңбай.

Студенттер білімді жаңаша берген ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты, оқу туралы өз пікірлерін білдірді.

0U3A4665

Айжан Танибергенова, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті:

- «Мен ештеңе білмейтінімді білемін» деп Сократ айтқандай, мен осы сөздерді құптаймын және барлығымыз өз білім деңгейімізді әр кезде жоғарлатуға тырысуымыз дерек деп білемін. Семинар-тренинг кезінде біз көп құнды ақпарат алдық. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!

0U3A4816

Рашид Сейітов, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  университетінің студенті:

- Елбасы кітапханасының ұжымына үлкен алғыс айтамыз. Себебі, бірінші күннен бастап әрбір семинар-тренингтің қызықты өтуіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Біз рухани құндылықты, танымды, насихатты көп ақпарат ала білдік. Әрқайсымыз осында алған білімді өздерінің достарына, оқу орнына жеткізеді деп сенімдімін.

0U3A4679

Елбасы кітапханасының «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерделеуге бағытталған. Дәрістерді еліміздің белгілі ғалымдары, ғылым докторлары мен профессорлар өткізеді. Тәжірибе сабақтарына Елбасы кітапханасының экспозиция-көрме аумағында орналасқан интерактивтік үстелдер пайдаланылады.

Оған дейін «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг бойынша Астана, Алматы, Тараз қалалары мен Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының студенттері мен оқушылары білім алды.

0U3A4839