Студенты педагогических вузов Алматы и Костаная прошли обучение по курсу «План нации – 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ Главы государства»

25 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтен өтті.

0U3A9264

Елбасы кітапханасының білім жобасы жастарға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының оқу курсын ұсынды.

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев студенттерді семинар-тренингті аяқтауларымен құттықтап, алдағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

0U3A9305

Сертификат табыстау шарасына педагогика ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдары Академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ғалиябану Кертаева қатысты.

Семинар-тренинг қатысушылары өздерінің ойларымен бөлісті.

0U3A9152

 

Маржан Ақтаева, Алматы қаласы:

- Елбасының кітапханасымен, оның ұжымымен қоштасу өкінішті. Өте маңызды ақпаратты жоғары дәрежеде жеткізгендеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! 70 жылдық тарихы бар бірегей университет Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті атынан «рахмет» айтамыз.

0U3A9189

Виктор Бутенко, Қостанай қаласы:

- Менің елордаға алғаш рет келуім, маған барлығы да ұнады, өте үлкен әсер алдым. Осы жерде отырғандардың атынан семинар-тренингтердің бізге ұнағанын және өзімізге көп қажетті ақпарат алғанымызды айта кеткім келеді. Болашақта біздің тәуелсіз Қазақстанымыз одан сайын көркейеді. Ол үшін біз тәуелсіздігімізді сақтап, елімізді дамыта беруіміз керек. Осында келіп, сертификат алғанымызға өте қуаныштымыз. Қазақстанымызды одан әрі дамыту үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға уәде береміз.

Елбасы кітапханасының «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған. Дәрістерді еліміздің белгілі ғалымдары, ғылым докторлары, профессорлар өткізеді.

0U3A9391

Бігінгі күнге дейін Қазақстанның он облысы мен Астана және Алматы қалаларының 750 мектеп оқушысылары мен ЖОО-ның студенттері семинар-тренинг бойынша оқытылды.