Сотрудник Библиотеки Лидера Нации получил почетное звание «приглашенный профессор» Синьцзянского университета

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Талдау кешені әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен ғылыми байланысты кеңейтуді одан әрі жалғастырады.

Геосаясат және аймақтық зерттеулер кешені Қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Руслан ІЗІМОВ ҚХР-нда өткен «Значение китайской инициативы Экономический пояс Шелкового пути» конференциясына қатысты. Ұйымдастырушылар – Мемлекеттік Кеңес жанындағы Зерттеу орталығы, Шыңжаң университеті.

Қытайдың жетекші сарапшыларымен болған кездесу барысында ҚХР-ның ұсынған Жібек жолының Экономикалық белдеуін құру оның Қазақстан, жалпы Орталық Азия елдерінің ұзақ мерзімді дамуына әсері талқыланды. Қазақстан-Қытай арасындағы экономикалық, мәдени-гуманитарлық аспектілерімен қатар, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы ШЫҰ, АӨСШК, АИИБ және т.б. алдағы қарым-қатынастары талқыланды.

Конференция аясында Елбасы Кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Руслан ІЗІМОВ  Шыңжаң университетінің оқытушылары, аспиранттары, магистранттары және студенттері алдында дәріс оқып, Шаңжаң университетінің «шақырылған профессоры» құрметті атағына ие болды.