ШКОЛЬНИКИ АЛМАТИНСКОЙ И МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТЕЙ ПОЛУЧИЛИ СЕРТИФИКАТЫ О ПРОХОЖДЕНИИ СЕМИНАР-ТРЕНИНГОВ «ИДЕИ, МЕНЯЮЩИЕ МИР»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтерінен өткен  оқушыларға сертификаттар табысталды.

0U3A7351

Алматы және Маңғыстау облыстарынан келген 9-10 сыныптарының 50 оқушысы «Ұлт Жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» курсын аяқтады.    

Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев мектеп оқушыларын курстың аяқталуымен құттықтап, берілген мәліметті толық меңгеріп, болашақта Президенттің идеялары мен бастамаларының іске асырушысы болатынына сенім білдірді.

0U3A7375

Семинар-тренинг қатысушыларына сертификаттарды белгілі ақын, жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы табыстады:

Айналайын ұлдарым, қыздарым мынау әлемге әйгілі қазақтың маңдайына қонған бақ сияқты ұлы Астананың төріне келіп, Тәуелсіздік туралы, оның болашағы туралы, Елбасының сарабдал саясатының бүгінгі жастарына, халыққа көрсетіп отырған бағыт-бағдарының мән-мағынасына терең үңіліп, сабақ алып отырған тарихи сәттеріңіз құтты болсын!

Сендер Тәуелсіздіктің бесігінде тербелген, Тәуелсіздіктің төл  түлектерісіңдер. Отаннан асыл ештеңе жоқ. Бүгінгі жарқын Қазақстанның болашағы да, ертеңгі тірегі де, соғып тұрған жүрегі де, намыстың туы да сендерсіңдер!

Әлемді өзгертетін халық. Ал, оның ішінде жеке, жарқын таланттар болады, әлемді өзгертетін осылар. Сондай адам Еліміздің берекесін ұйыстырып отырған  біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Соның арқасында әлем Қазақстанды таныды.

0U3A7461

Нұрабек Кенжебек, Маңғыстау облысы:

- Барлығы өте жақсы өтті, бізге қатты ұнады. Президентіміздің бес институционалдық реформасының іске асырылуы бойынша көп ақпарат алдық, оның маңыздылығын түсіндік. Оқытушылар мен ұйымдастырушыларға көп рахмет!

0U3A7523

Никита Омельченко, Алматы облысы:

- Жоғары деңгейде өткізілген семинар үшін және заманға сай, көркем Астана бойынша өткізілген экскурсиялар үшін рахметімді айтамын. Бізге білім берген барлық оқытушыларға алғысымды білдіремін.

0U3A7629

«Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған.

Білім беру жобасына Астана мен Алматы қалаларының және барлық облыстарының оқу озаттары, дарынды балалары шақырылады. «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтері 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

0U3A7635

Бүгінгі күнге дейін аталған жоба бойынша Астана және Алматы қалаларының, Оңтүстік Қазақстан,  Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарының 275 оқушысы білім алды. Сондай-ақ,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 275 студенті білімдерін толықтырды.