Семинар-тренинги «Идеи, меняющие мир» прошли в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсын аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды.

0U3A6924

Елбасы кітапханасының бастамасымен қазан айынан өткізіліп жатқан «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингі бұл жолы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырылды.

Елбасы кітапханасының аталған білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған. Дәріс оқитындардың қатарында белгілі ғалымдар, ғылым докторлары, профессорлар бар. Жоба қатысушылары – оқу озаттары, белсенділер, дарынды балалар. Жалпы шараға 3 мыңнан аса адам қамтылады.

0U3A6763

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев семинар-тренингтерді Мемлекеттік басқару академиясында өткізуге септескен академия басшылығына ризашылығын білдіріп, оқудың Парламенттің бұрынғы ғимаратында өтуінің ерекшелігін атап өтті.  

- Әлемдік қауымдастық үшін қиын жағдайда, бүгінгі күні орын алған оқиғаларға жауап ретінде Мемлекет басшысы Қазақстанға қажетті бес институционалдық идеясын ұсынды. Онда көрсетілген реформаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік аппарат жұмысты бастап кетті. Жастарға арналған семинар-тренингтердің ұйымдастырушысы ретінде біз өз алдымызға Президентіміздің идеялары мен бастамаларын жалғастырушысы, яғни сіздерге бар қажетті ақпаратты жеткізуді мақсат еттік.

0U3A6804

Сертификаттар табыстау шарасына тарих ғылымдарының докторы,  профессор, ҚР ҒА ЖМ академигі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты (1996-1999 жж.), «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің Төрағасы Өмірзак Озғанбаев қатысты. Құрметті қонақ студенттерді семинардың аяқталуымен құттықтап, жастарға үлкен үміт артылатынын тілге тиек етті:

- Бұл семинарларға үлкен мән берулеріңіз керек. Дүниежүзі мемлекеттері үшін қиын, дағдарыс жағдайында бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспары дамуымыздың жолы.

Оқуларыңызды бітірген соң, өз ісінің маманы атанып, біздің мемлекетіміздің одан әрі қарай құрылуы мен өркендеуіне өзіндік үлестеріңізді қосасыздар деп үміттенемін.

0U3A6819

Ұйымдастырушыларға ризашылық білдірген студенттер өз ойларымен бөлісті.

Аршын Айдынбекұлы,  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті:

Семинар «100 нақты қадам», яғни еліміздің озық 30 ел қатарына қосылуы турасында және Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырылып жүргізілді. Келешегіміздің көрінісі «жастардың қолында» десек, осы «100 нақты қадамды» жүзеге асыру жолында бір жеңінен қол, бір жеңінен бас шығаруымыз керек. «Мәңгілік Ел» дегенде туындайтын сұрақ, бұл мәңгілік елдің мәнінде. Алдымен, біздің татулық, бірлігіміздің беріктігінде, экономикалық ахуалымыздың әлем халықтарының алдында ауқаттылығында. Ұлттық мәдениетіміздің мәртебелі, тіліміздің тұғырлы болуы – еліміздің мәңгілігінің алғы шарты деп білемін. Аянбай еңбек етейік!