Семинар-тренинги «Идеи, меняющие мир» прошли для студентов вузов Шымкента, Актау и школьников Атырауской и Жамбылской областей

3-6 қараша күндері Елбасының кітапханасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің, сондай-ақ Атырау және Жамбыл областарының оқушылары «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингтен өтті.

0U3A5633

Елбасы кітапханасының білім беру жобасының қатысушылары «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсын аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды.

0U3A5733

Дәстүр бойынша семинар-тренинг қатысушыларына сертификаттарды белгілі қоғам және саясат қайраткерлері, көрнекті ғалымдар мен  парламентарийлер табыстады.

1X7A1153[1]

Бұл аптада студенттер мен оқушылар қоғамдық қайраткер, парламенттің  үш шақырылымның депутаты, экономика ғылымдарының докторы,  профессор Мырзагелді Кемел және тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Болат Көмековтің қолдарынан сертификат алды.

1X7A1371

Елбасы кітапханасының «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған. Дәрістерді еліміздің белгілі ғалымдары, ғылым докторлары, профессорлар өткізеді. Тәжірибе сабақтарына Елбасы кітапханасының экспозиция-көрме аумағында орналасқан интерактивтік үстелдер кеңінен пайдаланылады.

Бүгінгі күнге дейін «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренинг  Астана, Алматы, Арқалық, Тараз, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының оқушылары мен студенттері үшін өткізілді.

0U3A5620