«РОДНАЯ ЗЕМЛЯ – ЗОЛОТАЯ КОЛЫБЕЛЬ». УРОК В МУЗЕЕ

2018 жылғы 10 қарашада Елбасы кітапханасының музейінде ІІ «Балалар мүддесі үшін әлеуметтік әріптестікті дамыту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы қатысушылары үшін ашық іс-шаралар өтті. Іс-шара мақсаты: әріптестік ынтымақтастық бойынша тәжірибе алмасу және Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру бағдарламасымен танысу. Конференция қатысушылары – Словения, Украина, Қырғызстан, Әзірбайжаннан келген және отандық мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру ұйымдары өкілдері.  

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова құттықтау сөзінде өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде мәдениет және білім мекемелері әлеуметтік әріптестігінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, аталған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған музей педагогтарының жобалары атап өтілді. Б.Кайыпова Елбасының Г.Әлиевпен, Н.Литошкомен достық қатынастарын атап өтіп, Әзірбайжан мен Украинаның ұқсас мекемелерімен ынтымақтастық мәселелеріне  жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, ол қонақтар назарын Словения, Қырғызстан делегацияларының марапаттарына аударды, олардың мемлекетаралық қатынастарды нығайтудағы маңыздылығын атады.

Баспасөз залында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Туған жер – алтын бесік» музей сабағы өткізілді. Сабақ Мемлекет басшысының еңбек жолы мен бастамасына арналды және сабақ-сұқбат түрінде өтті.  

Қауіпсіздік Кеңесі залында Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің ғылыми қызметкерлері Саягүл Жақұпова Қазақстан тарихының батырлық туралы беттеріне арналған «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебесі және қарулану» сабақ-экскурсиясын өткізді.

Іс-шараның соңында қонақтар ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптармен таныстырылды. Конференция қонақтары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Рената Наврузова, Еуропа-Әзірбайжан мектебінің педагогы (Баку қ., Әзірбайжан):

- Алған әсерім тамаша! Сабақ халқының, елінің тарихын терең оқып білуге балалардың ынтасын оятты. Отандары туралы айтқанда олардың жанарынан от байқадық. Егер бала елімен мақтанатын болса, ол елінің гүлденуіне аянбай қызмет етеді. Балалардың Елбасы музейіне деген сүйіспеншілігі де қуантады. Олар мұнда өздерін еркін және жайлы сезінеді екен. Осындай музей сабақтары зерттеу жұмыстарының терең де мағыналы болуына мүмкіндік береді. Бұл – білім беру үдерісінің негізі!  

Ярослав Быковский, М.П.Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің мектепаралық білім беру теориясы мен әдістері лабораториясының меңгерушісі  (Киев қ., Украина):

Қазақстан Президентінің алғашқы резиденциясын мәдениет мекемесіне беруі мақтан тұтарлық жағдай. Бұл қоғамның мәдениетпен, тарихпен жақындасуына мүмкіндік береді. Қазақстан азаматына да, шетел азаматына да қолжетімді. Музей құндылықтарын көріп қана қоймай оны сезінуге мүмкіндік бергендері үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.Біз батырлардың сауыт-саймандарын сүйсіне киіп көрдік. Өте тамаша! Елбасы кітапханасы музейінің қызметкерлері шын мәнінде теңдессіз жұмыстар атқаруда. Басты тілегім – осы бағытта жалғастыра беріңіздер.