ПРОШЕЛ ПЕРВЫЙ ОТБОРОЧНЫЙ ТУР ТВОРЧЕСКОГО КОНКУРСА «СОКРОВЕННЫЕ СТРУНЫ ДУШИ: ПЕСЕННОЕ ТВОРЧЕСТВО Н.А. НАЗАРБАЕВА»

20 қарашада Астана қаласындағы М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында жалпы білім беретін мектептер арасында «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ашық республикалық байқауының алғашқы іріктеу кезеңі өтті.

Қалалық іріктеу кезеңіне елорданың 31 мектебінің оқушылары қатысты. Тыңдау нәтижесінде 23 оқушы жеке дауыста, «Бабамнан қалған кең дала», «Біздің Президентіміздің сүйікті әндерінің толқынында», «Патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма» номинациялары бойынша жеті орындаушы келесі кезеңге өтті.

Облыстардан келген өтінімдер бойынша сырттай – бейнематериалдар негізінде іріктеу жүргізілді. 25 қарашада М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында финалға өтетін қатысушылардың жалпы республикалық іріктеу кезеңі өтеді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Ақтөбе, Атырау, Аягөз, Қарағанды, Кентау, Курчатов, Щучинск қалалары мен Қосағаш және Ұзынағаш ауылдарының оқушылары жартылай финалға шықты. Жартылай финалға шыққандардың ішінде елорданың № 5, 7, 10, 22, 30, 31, 61, 67, 80 мектеп-гимназиялары, № 54, 56, 64, 66, 70, 73 мектеп-лицейлері және № 16, 24, 28, 37, 42, 55 жалпы білім беретін мектептер, сонымен қатар Кәсіптік техникалық колледжінің оқушылары бар.

2017 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында байқаудың қорытындысы, жеңіпаздарды жариялау және марапаттау рәсімі өтеді.

Бүгінде Елбасы кітапханасы құрамына енген Тұңғыш Президент Музейі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайымен бірлескен серіктестік жобасы ән шығармашылығын ұлттық және жалпы адамзат еңбегін жүзеге асырудың тамаша құралдарының бірі ретінде өзектендіру, Мемлекет басшысының тұлғалық бірегей қырларын ашатын ән өнерін насихаттау мақсатында 2015 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, байқауда оқушы жастардың бойында құндылық бағдарын қалыптастыру, музыка өнерінің түрлі жанрындағы жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау көрсету көзделген.