Презентованы две выставки, посвященные Дню Первого Президента Республики Казахстан

25 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» және «Елбасы жолы» атты екі кітап көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

0U3A8947

Н.Ә. Назарбаевтың қызметіне арналған «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» атты көрме «Тұңғыш Президенттің қызмет хроникасы», «Тәуелсіздік жолында», «Тәуелсіз Қазақстан күннен – күнге» атты бөлімдерден тұрады. Оған 70-тен астам кітап қойылған.  

Мақсаты - Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, бүгінде әлем таныған саясаткер екенін және де өмір жолын, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет атқарған жерлері туралы мағлұмат беру.

«Елбасы жолы – Путь Лидера» көрмесі Елбасының қарапайым жұмысшыдан президенттікке дейінгі өмірлік жолын көрсететін мерзімді басылым – материалдарынан тұрады. Онда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1959 жылдан бастап  1991 жылға дейінгі қызмет жолы көрініс тапқан («Социалистік Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Комсомольская правда», «Смена», «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда», «Темиртауский рабочий») мақалалар қойылған. Бұл материалдар Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы қорларынан жинақталды. Барлығы 102  басылым.

0U3A8928

«Президентіміз Н.Ә. Назарбаев ең қиын жылдарда да қазақтың ұлы мен қызын шетке шығарып өзгелердің еденін жуғызған жоқ, өзге елдердің көшесін сыпыртқан жоқ», - деген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор  Сауытбек Абдрахманов:

- мұндай мереке әлемнің көптеген елдерінде бар. Ең қызығы – ең демократияшыл ел деп саналатын, лауазымдарға бас ие қоймайтын АҚШ-тың өзінде Президент күні бар. Ол күн 22 ақпан. 22 ақпан Тұңғыш Президенттері Джордж Вашингтонның туған күні. Сол Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке болып бекітілген. Сондықтан, өз терімен демократия құрған, өз тағдырын өзі айқындап, өз президентін өзі сайлаған күнді – Қазақстан халқының, Қазақстанның жалпы жұртының тарихындағы ерекше күн – 1 желтоқсан күні қарсаңында Тұңғыш Президент кітапханасында осындай көрмелер ұйымдастырылып жатқанына мен қуаныштымын, - деді.

0U3A8981

Сондай-ақ, көрмелердің ашылу рәсіміне жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Мырзагелді Кемел, Астана қ. Еуразия гуманитарлық институты колледжінің оқушылары, «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг қатысушылары -  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері қатысты.

Жиналғандарды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаған М.Кемел:

- Елбасы кітапхасының рөлі өте маңызды. Бүгін мұнда біздің Президентіміздің 50-ші жж. бастап қызмет жолын, үлкен еңбегін көре аламыз, - деді.

0U3A8923

Жазушы Елбасы кітапханасына өзінің қазақ және араб тілдерінде жарық көрген «Ақыл қалта» кітабының екі шығарылымын тарту етті.