Презентация книги «Инициатива эпохи независимости – трудовое движение «Жасыл ел»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы «Инициатива эпохи независимости – трудовое движение «Жасыл ел» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді.

0U3A7340

Кітап «Жасыл ел» жалпыұлттық қозғалысының он жылдығына арналып шығарылған.  

0U3A7323

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Куанышев:

- «Жасыл ел» қозғалысы бұл жастарды еңбекке баулу ғана емес, өскелең ұрпақты патриоттық жағынан тәртиелеуге көмектесетін қозғалыс болып табылады. Бұл қозғалыс туған жерді таза да көркем ету жолында он жыл бойы елдің жастарын біріктіріп келеді.

Қозғалыстың он жылдығымен құттықтаймын! Еліміздің өркендеуіндегі сіңірген еңбектеріңізге жаңа белестер тілеймін!

0U3A7327

Шараға «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері, ЖОО студенттері мен колледж оқушылары, жастар ұйымының басшылары, Елбасы кітапханасының қызметкерлері қатысты. Шара қатысушылары үшін Кітапхана бойынша тақырыптық экскурсия өткізілді.

«Жасыл ел» жастар жасағы 2005 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 10 жыл аралығында 200 мың сарбаз жинады. Олардың күштерімен миллиондаған ағаш пен жүз мың гектар жер тазаланды. Бүгінде «Жасыл ел» жастарды жұмыспен қамтитын қозғалыс бола тұра, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сауаттылықты қалыптастыру және елдің жасыл қорының толуғуын мақсат еткен үлкен күшке айналды. Оның үстіне жасыл елдіктер республика бойынша жүріп жатқан «Нұрлы жол» индустрализация нысандарында, ЭКСПО-қалашығының құрылысында үлкен сұранысқа ие.

0U3A7288