4 желтоқсан күні Венгрия, Израиль, Қытай, Латвия және Польша елдерінің журналистері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына келді.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынаң өкілдері үшін Елбасы кітапханасының қызметі туралы толымды ақпарат беріліп, ғимарат бойынша экскурсия жасалды. Қонақтар Тұңғыш Президент күніне арнайы жұмысын бастаған жаңа көрмелермен танысты. «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру орталығы, тақырыптық кітап көрмелері және Н.Ә. Назарбаевтың жеке кітаптары мен коллекциялары үлкен қызығушылық тудырды.
Елбасы кітапханасының сыртқы пішіні мен ішкі мазмұнына таң қалған журналистер өз ойларымен бөлісті.
Andrzej Kazimierski - «Eurogospodarka» газетінің редактор-комментаторы:
— Керемет ғимарат. Сіздер өз Президенттеріңізді жақсы көретіндеріңіз көрініп-ақ тұр. Неге екенін мен түсіндім. Өйткені, сіздердің елдеріңіз өте жылдам дамуда. Мен мұнда сегіз жыл бұрын келген едім, ол кезде Астана мұндай болған жоқ. Ал, енді мен оны танымай қалдым. Көп нәрсе жасалынып жатыр және сіздердің Президенттеріңіз ол үшін көп күш жұмсайды.
Экспонаттардың арасынан сіздің Президентіңізге Польшаның Президенті Александр Квасьневскийдің берген медальді көрдім. Бұл өте қуантады.

Александр Видякин, «Открытый город» журналы редакторының орынбасары, «MEDIAPRO» басылымының директоры, блогер (Латвия):
- Білім беру жобасына Президенттің көп көңіл бөлетіндігі қуантады. Ол бойынша жастардың, оқушылардың оқытылатыны қуантады. Техникалық қамтасыз етілуі де таң қалдырады: интерактивті үстелдер, экрандар. Тіпті, Еуропаның өзінде мен мұндай деңгей мен сапаны көрген емеспін. Жастар үшін бұл өте қызықты деп ойлаймын. Осындай жобалар арқылы жастарды Қазақстан тарихын оқытуға, оның болашағы туралы толғандыруға әбден болады.
Екіншіден, Президенттің жеке кітапханасы таң қалдырды. Мен болған барлық жерде президенттердің не туралы оқитынын көрмеген сияқтымын. Жеке кітапхана адамды не қызықтыратынын, ол не туралы ойлайтынын байқатады. Әрине, кітаптардың сан алуандығы таң қалдырады. Мұнда көркем әдебиеттен бастап тарихи тақырыптардағы кітаптар бар.

Sitkei Levente, «Magyar Idok daily» күнделікті газетінің шетелдік бөлім басшысы (Венгрия):
- Астана мен Кітапхананы көріп таң қалдым. Қазақстан Президентінің мұрасын айқындайтын материалдар өте көп екен. Елде келісім мен бейбіт өмір қалыптастыруда Нұрсұлтан Назарбаевтың көп еңбектенгенін білдік. Мұндай коллекцияны жинақтау, ұстау және халыққа жеткізу өте қиын шаруа деп ойлаймын. Мына экспонаттарға қарап, оның болашаққа деген бағдары анық және мақсаттарға қалай жету керектігін білетін адам екенін аңғарамын.

