По курсу «Идеи, меняющие мир» обучение прошли 370 детей

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» ұзақмерзімді жобаның бір айы аяқталды. Қазақстанның түкпір-түкпірен жиналған 370 оқу озаты, дарынды балалар «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсы бойынша лекциялар мен тәжірибелік дәрістер тыңдады.

0U3A9693

Қазанның 1-нен басталған оқу курсының алғашқы қарлығаштарына сертификаттар мен арнайы сыйлықтарды Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің Бастығы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры міндетін атқарушы - Махмұт Қасымбеков табыстады. Семинар-тренингтердің ерекшелігін түсіндіріп, пайдалы тұстарын санамалап бергендер қатарында – Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Мейрам Бегентаев, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Башимов,  Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінің директоры Дархан Мыңбай, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті, «Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбай, сондай-ақ БАҚ жетекшілері болды.

0U3A5556

Қазан айына жоспарланған семинар-тренингтерді Ақтөбе және Қызылорда облыстарының мектеп оқушылары тәмамдады. Сертификаттарды  жазушы-публицист, профессор Сұлтан Оразалин табыстады.

Мынадай ғажайып ғимараттың ішінде, Президентіміздің өз қолынан шыққан кітаптар сақталған кітапханасын көрген, Президентке бүкіл дүниежүзінің басшылары сыйлаған нешетүрлі жәдігерлерді көріп, бұл атмосферада жүрген сіздер бақытты ұрпақсыңдар. Сіздердің осында келіп білім алғандарыңыз, Кітапхана басшысының қолы қойылған сертификат алғандарыңыз – өмір бойы айта жүреін қызықты күндеріңіздің, естеліктеріңіздің бірі болуы тиіс,  – деді С.Оразалин.

0U3A5218

Дәрістерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің ғалымдары, профессорлары мен доценттері өткізді.

Барыш Ғабдуллина, «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг

оқытушысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті:

- Бүгінгі студент немесе бүгінгі мектептің оқушысы ол осы реформаның қабылдануының куәгері, оның тікелей қатысушысы және оның тікелей нәтижесін, жемісін көретін куәгері болмақ. Ендеше олар осы дәрісті оқу барысында өз ортасында, өз денгейінде насихатталуына, жүзеге асыуына өз тарапынан ықпал етеді деп ойлаймын. Оқушылар мен  студенттердің деңгейіне келетін болсақ, әрине бұл жерге іріктелген балалар келді. Олар өз деңгейін көрсете білді. Дәріс барысында олар  қойылған сұраққа өз тұжырымын, өз ойын еркін білдіріп, еркін айтып, тіпті өздерінің жаңа идеяларын ұсынып жатт. Бұл ненің белгісі? Бұл оқушылардың, студенттердің жалпы білім денгейінің, қоғамның дамуына, Отанымыздың өркендеуіне деген қызылушығының көрсеткіші. Сондықтан бұл өте дер кезінде, өте жақсы ұйымдастырылған іс-шара деп ойламын.

0U3A5055

Балалар үшін өткізілетін екікүндік оқу барысында Астана қаласы, елорда музейлеріне экскурсиялар жасалды. Түрлі мәдени шараларға қатыстырылып, қызықты кездесулер ұйымдастырылды. Үлкен әсер қалдырған жиынның бірі – үшінші ұшқыш-ғарышкеріміз, Халық қаһарманы Айдын Айымбетовпен болған кездесу.

Елбасы кітапханасының «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге арналған.

Бүгінгі күнге дейін білім жобасынан өткен 370 баланың 207-сі мектеп оқушылары, 163-і елдің 8 беделді жоғары оқу орынынан келген студенттер.

0U3A5610