Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Bolashak business cases» атты тұңғыш қазақстандық бизнес-кейстер жинағының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесер шараның ұйымдастырушылары мен серіктестері: «Байтерек» холдингінің қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы, Almaty Management University және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы. Бас демеуші – «Bank RBK» АҚ.

Оған еліміздің ірі компанияларының топ-менеджментін қамтитын, отандық бизнес-практиктер тәжірибелерінің нақты кейстері еңгізілген. Жинаққа еңгізілген барлық кейстерде стратегиялық жоспарлау, қаржылық жобалау, еңбек өнімділігін арттыру және инвестициялық қорды басқару және тағы да басқа мәселелерден тұратын отандық бизнес қызметтерімен байланысты мәселелер қамтылған.

Жинақтың білім беру процестеріне еңгізілуі үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына, сондай-ақ шетелдік бизнес-мектептеріне жолданатын болады. Бизнес-кейстер жинағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бизнес тетіктерін терең зерттеу үшін арнайы шығарылған.
Жинақ қолжетімді болады. Кез-келген адам осы жинақты немесе оның жекелеген кейстерін жүктеп алу үшін «Болашақ» Қауымдастығы арнайы www.bc.bolashak.kz сайтын ашты.
