Елбасының кітапханасында Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының түкпір-түкпірінен жиналған үздік оқушылар үшін «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» курсы бойынша лекциялар мен тәжіребелік дәрістер өткізілді.
Сертификат табыстау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев қатысып, балаларға мақсаттарына жетуде сәттілік тіледі.
- Мен үшін сіздермен кездесу үлкен құрмет, сіздер үздіктің үздіктерісіздер. Бұл ғимарат еліміздің үздік ғимараттар қатарына кіреді. Менің әріптестерім бұл жоба туралы, сіздердің осындай керемет ғимаратқа келу үшін іріктеу кезеңінен өткендеріңіз туралы айтқан болатын. Жақын болашақта өздеріңізді көрсете білесіздер деп сенемін. Ол үшін қажетті жағдай жасалынды.
Өз кезегінде Астанаға арнайы Елбасының идеяларын оқу үшін келген оқушылар өлең оқып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ермұхамбет Мұратов, БҚО, Тарбағатай ауданы, Өкпекті орта мектебінің оқушысы:
Иә, қазағым биігіңде тұра бер,
Еркіндікке енді біз мұрагер!
Көк туымыз желбіресін көгімде,
Арқасына күн орнаған қыран ел!
Гүлназ Ұзақбаева,БҚО, Жәнібек ауданы Т.Жароков ат. ЖОББМ мектебінің оқушысы:
- Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа және «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін. Мен қатты қуаныштымын, Астананы көргеніме және еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік оқушылардың бірі болғаныма. Астана өте таңғажайып, керемет қала екен.
О, Астанам табыстырдың талай досты,
Тәңірімнің өзі солай бізді қосты!
Пойызбен қызық көріп келген кезде,
Астанада әлі талай қызық тосты!
Астана таңғажайып қала екенсін,
Өзгелерден ерекше дара екенсің!
Елбасымыз жетелеген отанымыз
Еліміз – қазақ елі жасай берсін!
Екікүндік семинар-тренингтер 2015 ж. 1 қазанынан бастап апта сайын жоғары оқу орындарының студенттері, колледж бен мектеп оқушылары үшін өткізіледі. Келесі болып Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерделеуге бағытталған «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру жобасынан Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері өтеді. Сондай-ақ Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының оқушылары шақырылады.



